KazakhstanFutures, Reports

Диалогтың қысқаша мазмұны: Kazakhstan Futures

Есепті жүктеп алыңыз

2023 жылғы қаңтарда Oxus қоғамы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің қаржылық қолдауымен Қазақстанда «Kazakhstan Futures» бір жылдық бағдарламасын іске қосып, 2050 жылға қарай Қазақстанның болашақ әлеуметтік-экономикалық проблемалары мен мүмкіндіктерін дамытудың ықтимал сценарийлерін зерделеу мақсатында семинарларға бастамашылық жасады. Тақырыптар инфра- құрылымды дамыту, климаттың өзгеруіне төзімділік, адам капиталын дамыту және тікелей шетелдік инвестициялар үшін ахуал секілді мәселе-
лерді қамтыды. Бағдарламаға Қазақстан мен АҚШ-тан 26 сарапшы қатысты. Бірқатар баяндамаларды, ақпараттық брифингтер, жарияіс-шаралар мен таныстырылымдарды қоса алғанда, бағдарламаныңіс-шараларына Қазақстандағы мемлекеттік органдарды қоса алғанда, 100-ден астам сарапшылардан, жеке сектор өкілдерінен және мүдделі тараптардан тұратын түрлі топтар қатысты. Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылды, 2023 жылдың қыркүйегінде басталған бірінші кезеңнен бастап, 2024 жылдың сәуіріндегі екінші кезеңде өткен жария іс-шаралар оның шарықтау шегі болды.

Қатысушылар төмендегідей сұрақтарға жауап берді:

  • Қазақстанда декарбонизацияның болашағы қандай? Бұған қандай факторлар кедергі жасайды?Жасыл энергияға көшудің әлеуеті қандай?
  • Жасыл энергияға көшудің барлық қазақстандықтарға пайда әкелетініне қалай кепілдік бере аламыз?
  • Қазақстанның болашақ экономикасында маңызды пайдалы қазбалар қандай рөл атқара алады?
  • Қоғамда және елдің әртүрлі аймақтарында экономикалық өсудің пайдасын қалай біркелкі бөлуге болады?
  • Қазақстан өзінің инвестициялық ахуалын қалай жақсарта алады?
  • Қазақстан өзінің өсіп келе жатқан халқы үшін жұмыс орындарын қалай қамтамасыз ете алады?
  • Адам капиталын қалай жақсартуға болады? Бұл жерде білімнің атқаратын рөлі қандай?
  • Қазақстан жасанды интеллект революциясын қалай тиімд пайдалана алады?

Төменде келтірілген есеп бағдарлама барысындағы негізгі тақырыптар мен талқылау нүктелерінің қысқаша мазмұнын білдіреді.

Бұл есеп Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қаржылық қолдауымен «Kazakhstan Futures» бағдарламасы аясында жарияланды.