Біз туралы
Орталық Азия істері жөніндегі Оксус қоғамдастығы (Oxus Society for Central Asian Affairs) 2020 жылы құрылып, Орталық Азия мен бүкіл әлем арасындағы академиялық алмасуды дамытуға бағытталған. Бұл Вашингтон қаласы, Колумбия округінде орналасқан коммерциялық емес ұйым.
Оксус қоғамдастығының мақсаттары:
- Орталық Азиядағы бірқатар мәселелер бойынша пікірталас пен пікір алмасуға үлес қосу;
- Аймақтағы мәселелерді шешуде жаңа идеялар мен зерттеуге негізделген шешімдерді жасау;
- Орталық Азияда жұмыс істейтін зерттеушілерді оқыту, оларға қолдау және көмек көрсету;
- Аймақ пен ондағы мәселелердің кең ықпалы мен маңыздылығын көрсету.
Оксус қоғамдастығы:
- Орталық Азия саясаты, экономикасы, мәдениеті, тарихы мен қоғамдары туралы зерттеулерін жариялау арқылы жас зерттеушілерге, практик мамандарга және тәжірибелі академиктерге еңбектерін кең ауқымды аудиторияға көрсететін платформаны ұсынады;
- Түпнұсқа деректер жиынтығын құрастыра отырып аймақтағы соңғы жаңалықтарды түсінуге көмектесетін талдау құралдарын ұсынады;
- Зерттеушілер мен қоғам өкілдері үшін іс-шаралар ұйымдастырады;
- Оқытушылар мен зерттеушілерге арналған ресурстарды жиыстырады;
- Орталық Азияда жұмыс істейтін зерттеушілер үшін зерттеу этикасы, зерттеу әдістері, деректерді талдау және жариялауға бағытталған семинарлар ұйымдастырады.
Зерттеулер Орталық Азиянының даму жолында өте маңызды рөл атқарады және аймақтың ең өзекті мәселелері зерттеуге негізделген шешімдерді талап етеді. Академиялық секторды дамыту мәдени алмасу мен инновацияларды ынталандыру, адами капиталды дамытуға және экономикалық өсуге ықпал етеді. Біздің ойымызша, Орталық Азияда және одан тысқары жерлерде өмір сүретін адамдар өзара жақын байланыстардан, мәдениетаралық алмасудан және аймақтық мекемелер мен адамдарға салынған инвестициялардан орасан зор пайда көреді.
Неліктен Оксус атауы?
Біз өз атауымызды Памир тауларынан бастау алып Орта Азияның жүрегі арқылы өтіп Арал теңізіне құятын Амудария өзенінен аламыз, себебі ол ежелгі уақытта Оксус деп аталған. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл өлкенің өзі Александр Македонскийдің арқасында кеңінен таралған атау – Трансоксиана, яғни Оксустан тыс жер деп аталған. Бұл мәдениеттер тоғысқан және білім мен тауарлар алмасатын аймақ болған және біз соны ХХІ ғасырда қайталауға бел будық.
Орталық Азия деп қандай аймақты атаймыз?
Орта Азия деп біз Қазақстанды, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Түрікменстан және Өзбекстанды және қазіргі кезде Қытайдың Шыңжаң деп аталып жүрген, бірақ оның тұрғындары тарихи Түркістан деп атайтын аймақтарды айтамыз. Бұл алты аймақ біздің басты бағытымыз болғанымен, біз Орталық Азияның Ресей мен Қытай сияқты көршілес мемлекеттерімен, Үнді субконтиненті мен Шығыс Азиядағы көршілерімен тығыз байланыста екенін түсінеміз. Оксус қоғамдастығы Үндістан мен Қытайдың өркендеуімен жаңадан пайда болған көпполярлы әлемнің өзгеріп отыратын геосаяси шекаралары аясында
Орталық Азияны орналастыруға бағытталған және осы тұрғыдан аймақ мәдениетін, саясаты мен тарихын қайта қарастырып отыруға тырысады.
Біздің басты құндылықтарымыз
Оксус қоғамдастығы төменгі құндылықтарды сақтауға міндеттенеді:
Плюрализм: Біз сыни тұрғыдан ойлауды, ой мен пікір тәуелсіздігін және академиялық еркіндікті насихаттаймыз.
Инклюзивтілік: Біз әртүрлі тәжірибесі бар, жасы мен саласы да түрлі адамдарға әр түрлі мәселелер бойынша еркін және ашық пікір айту үшін платформа ұсынамыз.
Тепе-теңдік: Біз әртүрлі көзқарастар мен идеялар шеңберінде пікірталас пен пікір алмасу алаңын ұсынуға тырысамыз.
Теңдік: Біз жаңа білім мен ғылымды қалыптастыруға қатысатын адамдарды толық атап отырып бірлескен тәсілдермен жасаймыз.
Эмпиризм: Біз әртүрлі дереккөздерден алынған тиянақты түпнұсқа деректерге негізделген зерттеулер мен талдауларды таратамыз.
Біз мақсаттарымызға қалай жетпекпіз?
Оксус қоғамдастығы өзінің негізгі миссиясы мен құндылықтары арқылы Орталық Азия мәселелерін терең түсінуге арналған бірегей платформа құрды. Оксус қоғамдастығы академиктер, журналистер, белсенділер, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлерді біріктіре отырып, олардың назарын жергілікті және ғаламдық маңыздылығы бар бірақ аз хабарланатын тақырыптарға аударады. Оксус қоғамдастығы өзін өркендеп келе жатқан Азия аумағында орналастыра отырып, батысқа бағдарланған стереотипті аймақтық көзқарастар шеңберінен шығып, жаңа дауыстарды алға шығаруға және нақты диалог құруға тырысады. Біздің бағдарламаларға әлемнің түкпір-түкпірінен қатысатын адамдар көшбасшылық танытып, олар саяси жағынан еш бейтарап сипатта болады. Оксус қоғамдастығы аймақтағы негізгі тенденцияларды көрсететін зерттеу есептерін шығарады. Біздің стипендиялар іріктелген қатысушыларға аймақта бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге және Оксус қоғамдастығы миссиясын ары қарай дамытуға мүмкіндік береді. Өзекті мәселелер бойынша түпнұсқа деректер жиынтығын құра отырып, Оксус қоғамдастығы талдауды дамытып және аймақ бойынша зерттеулердің бағыттарын белгілеуге тырысады. Осы іс-шаралар арқылы біз көптеген адамдар мен мекемелер арасында білім алмасу желілерін күшейтеміз.
Read Our Latest
Read the latest work from our staff and researchers.
Get to Know Us
Meet our staff.
Frequently Asked Questions
Learn about our story and mission.
Check Upcoming Events
Register for upcoming events in Washington, DC, or streamed online.