Аштық Жайлаған Дала: Ашаршылық, Озбырлық және Кеңестік Қазақстанды Орнату.
Сара Кэмеронның ‘Аштық жайлаған дала’ кітабының қазақша нұсқасы ‘Өлі ризаболмай, тірі байымайды’ (vi б.) мақалымен басталады. Бұл 1930-1933 жылдарда болғанашаршылықтың қазақ даласына әкелген зардаптарының ауқымын сипаттауға тұрарлықтайбірден-бір мақал. Бұл – жақындарынан айрылып, жерлеуге әлі жетпеген ашыққан қазақтардың тауқыметін ұмыт қалдырмауға шақыратын сөз. Осы азапқа толы кезеңдеқазақ халқын бір жағынан аштық пен ауру қыспаққа алса, екінші жағынан көшпеліболмыстың ажырамас бөлігі, рулық-туыстық қатынастардың бір үзім нанға татымауғаайналғаны жағдайды ушықтырды. ‘Ет жақын туыстар бұдан былай бір-біріне көмектесеалмайтын халге жетті’ (176 б.) деп сипаттайды автор. Ал рулық-туыстық қатынастардыңүзілуі мен көшпелі өмір салтының құлдырауы өздерін алдымен көшпелі халық ретіндетанитын қазақтар үшін трагедия болатын. Қазақ даласындағы ашаршылықты Украинашаршылығындай геноцид ретінде қарастыру мүмкіндігін талдағанда Кэмерон бұлтерминнің Рафаэль Лемкин ұсынған нұсқасын қолдануды жөн көрген. Терминніңбастапқы анықтамасын қолданып, автор ‘ұжымдастыру саясаты арқылы Мәскеу көшпендіөмір салтын – қазақ мәдениеті мен болмысының басты ерекшелігі мен белгісін құртудыкөздеді’ (205 б.) деп тұжырымдайды.
Кэмеронның ашаршылық салдарын ауқымды түрде қарастыруы ‘Аштық жайлағандала’ кітабының ерекшелігі, өйткені автор бұл алапат кезеңді біржақты ұлтқа қарсынемесе шаруалар табына қарсы жасалған қатыгездік ретінде қарастырудан алшақ. Ресейжәне Қазақстандағы мұрағат көздерін көлемді зерттеуіне сүйіне отырып Кэмеронашаршылықтың қазақтарды ұлт ретінде жою мақсатымен емес, қазақ даласындағыұжымдастыру науқанының кесірінен мал басының күрт азаюын және қатыгездіктіескермеу нәтижесінде болғанын айтады. ‘Дала’ түсінігі ретінде автор ашаршылықтан еңмықты соққы алған ‘батысында Сарысу өзені, шығысында Балқаш көлі жатқан’ (32 б.)Бетпақдаланы қарастырады. Алайда, автордың бұл жұмысы талдауларды тек Бетпақдалааймағымен шектелмей, оңтүстік Қазақтсандағы көшпелі аймақтардан батыстағыМаңғышлақ түбегіне дейін қамтиды. Сонымен қоса, кітап ашаршлық жылдарын Советүкіметі орнағанға дейінгі көшпелі қоғам өмірімен байланыстыра отырып, бұл кезеңдіжалпылама тарихи мәнмәтін тұрғысынан саралайды.Бірінші тарауда Совет үкіметі орнағаннан бұрын орын алған оқиғалар қазақдаласын жайлаған ашаршылықтың алғышарттары ретінде қарастырылған. Он тоғызыншығасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ даласына орысшаруаларының қоныстануы есебінен жайылымдық жерлердің азаюы мен жердің ‘еріктіқоныстанушыларға’ (25 б.) жалға берілуі көшпелілер үшін жат коғамдық тап‘жатақтардың’ (48 б.) пайда болуына әкеліп соқты. Жалдамалы еңбектің етек алуы рулық-туыстық селбесу қатынастарына cүйене отырып, мал шаруашылғымен айналысатынхалық арасында шынымен де маңызды өзгерістдердің болғанын меңзеді. Дегенмен,көшпелі халықтың саяси және әлеуметтік өзгерістерге бейімделуі қазақтардың отрықшыөмірге көше бастауының басы деген бұрыс пікір Империялық үкіметтің көшпенділер өмірітуралы ақпаратының шектеулі екендігінің дәлелі еді.
Екінші тарау Совет үкіметінің қазақтарды ұлт ретінде қалыптастырудағы тарихирөлін марксистік-лениндік тұрғыдан жүзеге асыратын тәсілдердің алға қойылуынқамтиды. Бұл кезең, әрине, Голощекиннің ‘Қазақ төңкерісі ауыға соқпады’ (62 б.) дегентұжырымынан кейінгі ‘кертартпалыққа’ (64 б.) қарсы жариаланған күреспен сипатталды.Кей кезде қазақ қоғамындағы теңсіздікке байланысты алаңдаушылықтың болғанысоншалық, үкімет ‘руаралық теңсіздікті’ (64 б.) ойлап тауып, одан құтылуды көздегендігіайтылады. Автор қазақ ауылын тереңірек түсіну мақсатымен өткізілген зерттеулердіңбарысындағы негізгі қателіктер ғылыми ұғымдарды көшпелі өмір салтына бейімдейалмағандықтың кесірінен болғанын айтады. Ауылды феодализмнен тазарту үшінжүргізілген зерттеулер мен кеңестендіру тәсілдерінің тиімсіздігі байларға жәнекөшпенділікке қарсы күресу барысында социализмге түйемен жетуге болмайтыныннақтылап берді. Үшінші тарауда Кэмерон 1928 жылдың күзінде басталған байлардың мал-мүлкін тәркілеу барысындағы белгісіздік пен зорлық-зомбылықтың тек қана байлардыңотбасылары емес, түгелдей рулар мен әулеттердің кедейленуіне әкеліп соққандығы туралыайтылады. ‘Байлар’ түсінігінің ‘нақты анықтамасына қатысты мақсатты түрдеойласытырылған бұлыңғырлық қазақтардың әлеуметтік құрылымының азып тозуына өз үлесін қосты’ (87 б.) деп егжей-тегжейлі түсіндіреді автор. Байлардың мүлкін тәркілеукезеңінде жергілікті халықтан шыққан ‘өкілетті кадрларға’ (100 б.) берілгенсалыстырмалы тәуелсіздік нәтижесінде қазақтарды арашалау совет үкіметінің көздегентаптық теңсіздікті жоюдағы, бәлкім, ең тиімді әдістерінің бірі болды деуге болады.
Төртінші тарауда Қазақстанды өнеркәсіпті дамыту мақсатын жүзеге асырудықамтамасыз ететін азық-түлік қоймасы ретінде және тұтқындар мен қоныстанушылардыорналастыру орны ретінде пайдаланғандықтың зардаптары туралы пайымдалады.Үкіметтің азық-түлік қоймасы ретінде қазақ даласындағы астық өндіру көлемін өсіруретсіз және көшпелі өлкенің табиғи жағдайларымен еш санасусыз жүргізілгенұжымдастыру арқылы іске асырылғандығы жөнінде айтылады. Дәл осы мезетте, яғни1930-1931 жылдары, аштықтың нышандары пайда бола бастағанда, Орталық Комитеттіңшенеуніктер айтқан астық жетіспеушілігі туралы ескертулері мен Фрумкинсекілділділердің астық өнідірісінің құбылмалылығы жайлы болжамдарын саналы түрдеескермеуді таңдауы автордың ойынша ашаршылық толқынын өршіктірген бірден-бірсебеп болды. Әрине, ұжымдастыру науқанын тездету барысында көрсетілген қыспаққажәне ойға қонымсыз көлемдегі астық салығының ауыртпалығын көтеруге мәжбүр болғанхалықтың жауапты наразылығының болған-болмағаны туралы оқырмандардың ойындасұрақтың туындауы өте орынды.
Алайда, бесінші тарауда айтылғындай, оңтүстік өлкелерде және Маңғышлақтүбегіндегі көтерілістердің бөлігі үкімет машықтанып алған амал, қазақтардыңнаразылығын қазақтардың көмегімен басып-жаншылуы, көршілес елдерге көшудіңжалғыз аман қалу амалына айналғандығын білдірді. Автор ‘1928-1933 жылдараралығында жалпы саны … екі жүз мыңдай халық шекара асып, аман-есен Шыңжаңғажетеді’ (140 б.) деген дереккөзден алынған фактіні келтіреді. Бірақ, автордың деректердісаралауына қарағанда, бұл тек жолы болып, шекараны кесіп өткен халықтың саны ғана.Ашаршылық жылдарындағы босқындар дағдарысы Қазақстанның әр түрлі аймақтарынШыңжаңмен байланыстырған көш жолының сапар барысында қаза болғандардыңкорридорына айналғандығы сөзсіз. Қытаймен қоса көршілес Ресейдің Батыс Сібір өлкесіжәне Орталық Азия елдерінің де негізгі көш бағыттарына айналғандығы атап айтылады.Осыншалық ауқымды босқындар қозғалысының куәгері бола тұра, Кеңес үкіметініңжаппай көшуді ‘қазақтардың социалистік ұлтқа айналуына қажетті өтпелі кезеңінің біркөрінісі’ (164 б.) ретінде көрсетуге тырысуы арқылы идеологиялық мақсаттарды ғанаелеуі таңқаларлық.
Ашаршылықтың барысындағы қайғы-қасіреттің аз бөлігін болса да куәгерлердіңкөзқарасы арқылы көрсету мақсатымен алтыншы тарауда Мұхамет Шаяхметовтың пенКөкен Белгібаевтің достарына көмек беруден саналы түрде бас тартқандықтары жайлы,Зейтін Ақышевтің ашаршылық кезіндегі жетімдердің тағдыры жайлы және шенеунікДәнежанның халық тірі қалу үшін қандай амалдарға барғандығы жайлы жан түршігерлікестеліктерін қосу арқылы, автор туындысына ерекше дауыс бергендей көрінеді.Қорытындылай келе, Кэмерон 1930-1933 жылдарда қазақ даласын жайлаған қолданжасалған ашаршылықтың бірнеше онжылдықтарға созылған еңбек дағдарысы,гуманитарлық дағдарыс және экономикалық құлдырауға әкеліп соққандығынтұжырымдайды. Сонымен бірге автор ашаршылық кезеңін зерттеудің тек Қазақстантәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ғана басталып, әлі де Украин ашаршылығынзерттеумен салыстырғандағы баяу қарқынына, бірақ қазақ халқы басынан кешіргенашаршылықтың салдары жағынан көлемдірек болмаса бәсеңдеу еместігінеоқырмандардың назарын аударуға тырысады.