Reports

Өзгермелі геосаяси жағдайдағы орталық азиялық аймақтықіс-қимылдар

Есепті жүктеп алыңыз

Қазіргі уақытта Орталық Азияның бес мемлекеті 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жаңа геосаяси ландшафт аясында әрекет етуде. Көптеген сарапшылар соңғы екі жылда Орталық Азия елдерінің сыртқы державалармен дипломатиялық қарым-қатынастарының айтарлықтай артқанын атап өтуде, олар бұл ілгерілеушілікті соғыс салдарынан аймақтағы Ресей ықпалының мейлінше әлсіреуімен байланыстырды. Атап айтқанда, аймақішілік қатынастарға келетін болсақ, бұл дипломатиялық қызметтің көп бөлігі сауда мен байланыстарға бағыт- талған, өйткені Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ, Қытай және басқа елдер Ресейді айналып өтетін жеткізілімдер тізбегін нығайтуға ұмтылады. Бірақ Ресей Орталық Азия және жалғастыруда: 2022 жылдың ақпанынан бастап Ресей Президенті Владимир Путин аймаққа бірнешерет сапармен келді.

Сарапшылар Орталық Азияны бұрыннан бері әлемнің «ең аз интеграцияланған» аймақтарының бірі деп атайды.4 1990-шы және 2000-шы жылдардың басында аймақтық ынтымақтастыққа тың күш-жігермен кіріскенмен, одан кейінгі онжылдық тоқырауды бастан кешірді. Сыртқы бақылаушылар Орталық Азия елдерінің үкіметтері арасындағы сенім деңгейінің төмен болуын аймақтық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін маңызды фактор деп атап көрсетеді.5 Бірақ 2016 жылы

Өзбекстан басшылығының ауысуынан кейін аймақтық қатынастар жаңа серпін алды. Билікке келген сәттен бастап Шавкат Мирзиёев Орталық Азияны «Өзбекстанның сыртқы саясатының басты басымдығы» ретінде анықтайтын «тату көршілік» саясатын жариялады.6 Өзбекстанның сыртқы саясатындағы бұл өзгеріс аймақтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейде қарқын алуына әкелді, ал Орталық Азия елдері кейбір ұлттық шекараларды демаркациялаумен бірге, бұрыннан келе жатқан кей мәселелерді шешуде прогреске қол жеткізді. 2018 жылдың наурыз айында Астанада (Қазақстан) өткен Орталық Азияның төрт мемле- кеті басшыларының кездесуі7 он жылға дерлік уақыт ішіндегі алғашқы кездесу болды және бес рет өткізілген жыл сайынғы консультативтік кездесуге жол салып берді. 2023 жылғы қыркүйекте өткен бесінші консультативтік кездесу Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық диалог пен ынтымақтастықты тереңдетуде белгілі бір елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті. Covid-19 пандемиясы және соның салдарынан шекаралардың жабылуы аймақтық ықпалдасу үшін қиындықтар тудырғанымен, жоғары деңгейдегі байланыстар жалғасты.

Бұл оқиғалар өңірлік қатынастар өңірлік оқиғалар, сондай-ақ сыртқы геосаяси өзгерістер контекстінде өзгерді ме, жоқ па және қалай өзгерді деген сұрақ туғызады. Біздің жобамыз жоғары деңгейдегі аймақішілік ісқимылдарардың қарқындылығын ерттеуге және оларды сандық негізде
бағалауға бағытталған. Соңғы жылдары Орталық Азияда жоғары деңгейдегі аймақішілік ынтымақтастық қалай өзгерді? Бұл – осы жобаның негізін қалайтын басты зерттеу сұрағы.

Осы және осыған байланысты мәселелерді зерттеу үшін біз Орталық Азия елдерінің (а) президенттері (П), (б) премьер-министрлері (ПМ) және (в) сыртқы істер министрлері (СІМ) арасындағы екіжақты және көпжақты аймақішілік оқиғалар туралы деректер жиынтығын құрастырдық. «Оқиғалар» деп біз бес мемлекеттің осы лауазымды тұлғалары арасындағы кез-келген өзара іс-қимылды, соның ішінде сапарлар, кездесулер, телефон қоңырауларын, бейне қоңыраулар мен жеделхаттарды айтамыз. Біздің деректер жиынтығымыз төрт жыл ішіндегі өзара іс-қимылды қамтиды: 2015 жыл – Өзбекстан президенті ауысқанға дейін; 2019 жыл – Өзбекстанда президент ауысқаннан кейін және Covid-19 пандемиясына дейін; 2022 және 2023 жылдар – Covid-19 пандемиясынан және Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін. Деректер жиынтығы жоғары деңгейдегі өзара іс-қимыл санының едәуір артуы және өзара іс-қимылдың неғұрлым мазмұнды
түрлеріне көшу аймақтық қатынастар динамикасында айтарлықтай өзгерістің болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, тіркелген аймақішілік өзараіс-қимылдардың көпшілігі Орталық Азияның екіден көп мемлекетінің қатысуымен емес, екіжақты негізде жүргізілгендігі анықталды. Біздің
тұжырымдарымыз Орталық Азиядағы аймақішілік байланыстарды бұрынғысынша президенттер жүргізетіндігін, әрі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аймақ елдері арасындағы жоғары деңгейдегі өзараіс-қимылдың ең белсенді ойыншылары екендігін көрсетеді.

Авторлар:

Айзада Нұридденова – Қазақстандағы Сулейман Демирель университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті және қазіргі уақытта Джордж Вашингтон Университетінің
Еуропа, Ресей және Евразиялық зерттеулер институтының шақырылған ғылыми қызметкері. Ол халықаралық қатынастар бойынша PhD дәрежесін Қытайдағы Цзилинь университетінің Халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебінен алған. Оның ғылыми қызығушылықтары Қытайдың сыртқы саясатына және Орталық Азиядағы аймақтануға бағытталған.

Жәнібек Арынов – Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің доценті. Ол алғаш рет Мектепке 2019 жылдың шілдесінде постдокторант ретінде қосылды. Доктор Арынов Ұлыбританияның Сент-Эндрюс университетінде халықаралық қатынастар саласындағы философия докторы дәрежесіне ие болды. Оның зерттеу аясы Орталық Азияның геосаясатын, Қазақстанның сыртқы саясатын, ЕО мен Орталық Азияның қарым-қатынасын, сондай-ақ халықаралық бірегейлік, имидж бен қабылдау мәселелерін қамтиды.

Осы есеп Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауымен «Kazakhstan Futures» шеңберінде (2023 ж.қаңтар-қыркүйек) жарияланады