Articles

Жаңатас: Қазақстанның экологиялық дамуын халықаралық қаржыландыру бойынша тестілік сценарий

Зерттеуді жүктеп алу

Қазақстанға қатысты мәселелер көп жағдайда жеңіл-желпі ракурста қарастырылады – оны көбінесе Еуразияның болашағы үшін геосаяси бәсекелестіктегі қолайлы «жаңа бір үлкен ойынның» орталығы немесе саяси экономикасы мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты күрделі проблемаларға тап болған бұрынғы Кеңес мемлекеті деп атайды. Бірақ бұл сипаттамалардың қай-қайсысы да Қазақстанның геосаяси жағдайының күрделілігін немесе оның болашағын айқындайтын өзгерістер мен мүмкіндіктердің жай-күйін көрсетпейді. Бұл осы қалыптасқан екі таптаурын пікір Қазақстанның болашағын айқындайтын белгілі бір факторларды көрсетпейді дегенді білдірмейді, керісінше, мұндай тым жеңіл-желпі берілген сипаттамалар елдің саяси және экономикалық ортасы туралы түсінікті дамыту жөніндегі күш-жігерді бүркемелеуі  мүмкін.

Бұл есептің мақсаты Қазақстандағы жел энергетикасы саласындағы ірі жоба – «Жаңатас жел электр станциясы» жобасын әзірлеу және іске асыру кезеңдерін және жобаның жетістігі осындай іргелі стереотиптерді қалай жоққа шығаратынын көрсету болып табылады. «Жаңатас жел электр станциясы» – Қазақстанның орталық бөлігінің оңтүстігінде Жамбыл облысында орналасқан қуаты 100 МВт жаңартылатын энергия өндіру жобасы. Бұл Қазақстанның «жасыл» энергетикаға көшуіне ықпал ететін флагмандық жоба ғана емес, сонымен қатар 1960 жылдары Кеңес өкіметі билігінің фосфат өндіру орталығы ретінде құрған, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халқы айтарлықтай азайған Жаңатас қаласын дамытудың негізгі жобасы.

Жоба Қазақстанның энергетикалық проблемаларын шешуге қосатын үлесімен және оның «жасыл» энергетикаға көшуге деген ұмтылысын көрсетумен ғана емес, сонымен қатар көбінесе, дұрыс мағынасында, ырыққа көнбейтін, ал тіпті теріс мағынасында тиісті саяси ұстанымдарына байланысты антагонистік институттар ретінде қарастырылатын халықаралық қаржы институттарының ресми қолдауымен бірегей жағдайға ие екендігімен де ерекшеленеді.

Зерттеу АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қолдауымен The Oxus Society for Central Asian Affairs (АҚШ) – Kazahstan Futures Programme (қаңтар-қыркүйек 2023) бастамасы шеңберінде жүргізілді.