KazakhstanFutures, Reports

Қазақстанның жарқын болашағын қамтамасыз ету

Есепті жүктеп алыңыз

2024 жылғы наурызда Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі жыл сайынғы көктемгі су тасқыны бұрын-соңды болмаған алапат күшпен келді, соның салдарынан елеулі әлеуметтік-экономикалық келеңсіз жағдайлар орын алды. Небәрі бірнеше күннің ішінде 86 000-нан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, 5 000-нан астам мал басы қаза тапты және көптеген отбасылар күнделікті тіршілік етуге қажетті құралдарсыз қалды. Қазақстандық парламент мүшелерінің бірінің сөзіне сүйенсек, аса маңызды инфрақұрылымға келтірілген залал сомасы 400 миллион доллардан асуы мүмкін. Су тасқыны тигізген тікелей зияндармен алпарыс аяғына таянғанда, нағыз күрес енді басталмақ, яғни су тасқынының салдарларын азайту тәсілдерін енгізу қажет, құрғақышық кезеңінде жер үсті суларын жинайтын лайықты арналарды қалыптастырып, өзендердің жағалауларын нығайту үшін рнвестициялар құю керек. Бұл төтенше климаттық жағдай Қазақстан климаттың өзгеруіне әлсіз бейімделгенін және дүлей зілзалалардың салдарын еңсеруге дайын еместігін, осыған қатысты өзінің қазіргі ұстанымын жедел қайта бағалаудан өткізу қажеттігін айқын көрсетті. Сарапшылық диалогқа қатысып, елдің әрбір өңірі үшін мықты және тұрақты болашаққа қол жеткізу үшін институционалдық ортаны нығайту және тұрақтылық әлеуетін арттыру жөніндегі ғылыми негізделген шешімдер мен саяси ұсынымдар жасау арқылы неғұрлым жетілдірілген климаттық саясатты әзірлеу қажеттілігі бар.

Климаттың өзгеруіне төзімділік – Қазақстанның алдында тұрған көптеген проблемалардың бірі ғана. Бұл есепте 2024 жылғы 18-19 сәуірде Астанада өткен модерацияланатын онлайн пікірталастар сериясы мен қорытынды іс-шарадан тұратын «Kazakhstan Futures» жобасының II кезеңі барысында қазақстандық және американдық ғалымдар арасындағы академиялық диалог барысында талқыланған идеялар синтезделеді. Аталған іс-шарада Қазақстанның ұзақ мерзімді, оның ішінде 2050 ж. қарай дамуының перспективаларына шоғырланған мұқият ой-талқы жасауға арналған платформа ұсынылды. Пікірталастың барлығы «2050 жылы Қазақстан қандай болады?» деген негізгі сұрақтың төңірегінде болды. Зерттеушілер Қазақстанның 2050 жылға дейінгі әлеуетті әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты «өзгеріссіз, шынайы және оптимистік» деген үш сценарийді, сондай-ақ осы түрлі нәтижелердің даму ықтималдығын айқындайтын негізгі факторлар мен тәуекелдерді қарастырды. Үнемі құбылып отыратын және анық емес геосаяси контексте алда тұрған қауіп-қатерлерді, мүмкіндіктер мен сынақтарды баса көрсете отырып, Қазақстан саясатының әлеуетті болашақ даму бағыттарының жан-жақты талдаулары осы талқылаулар барысында алынған қорытындыларда көрсетілген.

Осы есеп Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауымен «Kazakhstan Futures» шеңберінде (2023 ж.қаңтар-қыркүйек) жарияланады